×

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған: Ақтауда хакер сотталды

Ол ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған: Ақтауда хакер сотталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтауда мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды», - делінген хабарламада.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Негізгі мерекелік іс-шаралар Орталық саябақта өтуде
Алаңда этномәдени бірлестіктердің көрме шатырлары тігілді
Жағалау бойындағы мерекелік кеңістік нағыз мәдениет пен өнер орталығына айналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →