×

«Қатын-қалаштың әңгімесінің төңірегінде жүрміз»: Нұрлан имам тоқал алуға байланысты сұраққа жауап берді

Видео қазір 178 мың қаралым жинаған

«Қатын-қалаштың әңгімесінің төңірегінде жүрміз»: Нұрлан имам тоқал алуға байланысты сұраққа жауап берді
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлының тоқал алуға байланысты айтқан пікірі тарап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеоның сипаттамасына «тоқал сол тоқал» деп жазылған. Видеода алдымен Нұрлан имам өзіне желі қолданушыларының бірі қойған сұрақты оқып, ары қарай соған жауап береді.

«Тоқал алған дұрыс па, бұрыс па дейді. Тоқалдан басқаны бітірейік те, жаным-ау. Мемлекетімізді дамытудың орнына, қатын-қалаштың әңгімесінің төңірегінде жүрміз. Қашан дамимыз? Қашан оқимыз? Балаларымыз қашан ел, жер қорғайтын болады? Қазақтың басына күн түспей-ақ қойсын. Егер күн түсетін болса, таксиді отыз мыңға көтеріп, дүкеннен екі литр сүт ұрлап, «мородер» болып, онсыз да қиналып жатқан халыққа он екі балл жер сілкінеді деп, одан бетер қорқытып, үрейін алғаннан басқа не істей алатын болдық, өзі? Қашан дамимыз, алтындарым-ау?!» – дейді танымал имам.

Видео қазір 178 мың қаралым жинаған. Желі қолданушыларының бірінің ғана пікірі көрініп тұр.

«Мың алғыс айтамын сізге. Анық-қанық, ең ұғымды сөз айтқаныңыз үшін», – делінген пікірде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Turkistan Marathon-мен 2025 жылғы жүгіру маусымын аяқтады
26.10.2025ж. 14:21

FlyArystan Turkistan Marathon-мен 2025 жылғы жүгіру маусымын аяқтады

Almaty Marathon-ның ресми серіктесі ретінде қолдау көрсетті  
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →