×

Астанада 40 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Оның ірі сомада берешегі бар болып шықты

Астанада 40 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото: Pixabay.com

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамандандырылған батальон полицейлері Subaru көлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Polisia.kz мәліметінше, "Қорғау" автоматтандырылған жүйесі арқылы оның борышкер екені белгілі болған. Subaru иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек 40 миллион теңгеге жуық қарызы болған.

"Бұған қоса, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін аталған жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынған. Жүргізушіге ескерту жасалып, көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды", – деп жазылған хабарламада.

Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында 262 көлік коммуналдық тұраққа қойылып, 231 мемлекеттік нөмір тәркіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Бүгін, 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →