×

Бірыңғай уақыт белдеуі: Намаз уақыты қалай өзгереді

Кесте үш республикалық қала мен 12 облыста өзгереді

Бірыңғай уақыт белдеуі: Намаз уақыты қалай өзгереді
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстанның бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты ресми сайтындағы намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады», – делінген діни басқарманың хабарламасында.

ҚМДБ жұма намазының жаңарған кестесін жариялады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Сәйкесінше, Қазақстанның барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →