×

Павлодар облысында аяғы ауыр әйелді ұрған полицей жұмыстан қуылды

Бұл жағдай Ішкі істер министрлігінің бақылауында болған

Павлодар облысында аяғы ауыр әйелді ұрған полицей жұмыстан қуылды
Фото: gov.kz

Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр Павлодар полициясының Солтүстік бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы аяғы ауыр қызметкерін ұрғаны үшін айыпталған еді. Сондай-ақ бұл жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызмет саласының бақылауында болған.

«2024 жылы 25 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес Орталық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары теріс себептермен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарынан босатылды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 13 қазанында Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу басталған болатын. Оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →