×

«Азаттық» радиосына қатысты сот наурызда өтеді

Сот отырысы Астана қаласында өтеді

«Азаттық» радиосына қатысты сот наурызда өтеді
Фото: ашық дереккөзден

 «Азаттық» радиосы ҚР Сыртқы істер министрлігін сотқа берген еді. Сот отырысы наурыз айына белгіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің білуімше, наурыз айында сот талқылауы өтеді. Бұл мәселе құқықтық кеңістікте қаралып жатыр, сот аясында шешіледі деп ойлаймын», – деді Василенко Сенат кулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін 30 қаңтарда «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Қазақстан өкілдігі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына арыз түсірген.
Шағымда басылым Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің «Азаттық» тілшілеріне аккредитация бермеуін және оны ұзартпауын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған. «Азаттық» радиосы арызды СІМ жауап келгеннен кейін түсірген.

Енді сот отырысы Астана қаласында өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →