×

Қазақстанда жөн-жосықсыз уағыз айтатындарға тықыр таянды

Енді елімізде молдалардың бәрі бірдей уағыз айта алмайды

Қазақстанда жөн-жосықсыз уағыз айтатындарға тықыр таянды
Фото: ҚМДБ

Енді Қазақстанда молдалардың бәрі бірдей уағыз айта алмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасы бекітілді.

Елді адастырып, теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың жолы кесіледі. Ал әлеуметтік желіде «домбыра – харам», «салт-дәстүрден алшақ жүрейік» деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

«Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат», – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →