×

“100 өлең” көркемсөз оқуына өтініштер қабылдау басталды

Бұл жоба – қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы

“100 өлең” көркемсөз оқуына өтініштер қабылдау басталды

ASSYLTAS қоғамдық қоры «100 өлең» байқауына өтініштер қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жоба – қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы. Абайдан бастап, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали тағы да басқа танымал ақындардың өлеңдері топтастырылған. Сайысқа қатысушы 100 күн ішінде барлық өлеңді жаттап алуы тиіс.

Топтастырылған өлеңдер жинағы 1 сәуір күні байқауға қатысушыларға берілмек.

ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқастың айтуынша, биыл да жеңімпазға автокөлік сыйға беріледі.

"Бұған дейін 4 жыл қатарынан жеңімпаздарға автокөлік сыйлап келдік. Биыл да жеңімпаз су жаңа темір тұлпарды тізгіндейді. Финалдық сайысқа өткен қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз қайтпайды. Биылғы байқау үш бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің 130 жылдығына арналады”, – деді, Рауан Оқас.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →