×

Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына байланысты ғылыми конференция өтеді

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына байланысты ғылыми конференция өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы  29 наурызда ақын, философ, моральдық-этикалық ілімді насихаттаушы, күллі түркі әлеміне танымал тұлға Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Конференция Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеп-зерделеу, осы конференция аясында отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ тұлғаның даналық хикметтері мен өсиеттерін оқу жүйесіне енгізуді басшылыққа алу мақсат етеді. Орта ғасырда қалыптасқан ағартушылық қызмет пен рухани танымдық мұралардың құндылықтарын ашып көрсетпек.

Конференцияға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи ілімін қазіргі таңда қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дамуындағы жетістіктердің өзегі ретінде танылуын қарастырады. Онда тұлғаның шығармаларындағы тіл, әдебиет, өнер, мәдениет, дін, философия, т.т. мәселелерді талқылап, орта ғасырдағы жазба деректер де зерттеу саласының бірі ретінде қарастырылып, мәтіннің тілдік, сөздік әрі коммуникативтік рөлін айқындауды әрі олардың категориялық терминдік құрылымын жан-жақты саралауды негізге алады.

Еске салайық, бүгін Атырау қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеуге шақырған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →