Азаматтардың әртүрлі санаты үшін ипотекалық тариф әртүрлі болады
Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотеканы іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Ол бағдарлама биыл сәуір айының аяғында немесе мамырдың басында іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Krisha.kz жазуынша, азаматтардың әртүрлі санаты үшін тариф әртүрлі болады.
Әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылмады. Дегенмен белгілісі:
Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңгені құрайды.
Өзге аймақтарда – 18 млн теңге.
Тек Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада – облыс орталықтарында бастапқы баспананы сатып алуға болады. Атап айтқанда: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.
Осылайша, ипотека тек моноқалаларға ғана емес, Қазақстанның барлық елдімекендеріне есептелетін болады.
Еске салайық, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке Қазақстанда, оның ішінде ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған еді.
Сондай-ақ кеше үкіметте жаңа ипотекаға қатысты мәліметтер жарияланды:
Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады. Ол арқылы 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыз беру жоспарланып отыр.
Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.
Қатысушылар: