×

Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының азапталған сәтінен сурет көрсетті

Сот отырсында марқұмның ағасы қарындасының зорлық-зомбылық көрген сәтінің суретін көрсетті

Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының азапталған сәтінен сурет көрсетті

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономинка министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Оған азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы азғындықпен өлтірді деген айып тағылған. Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді қарындасының зорлық-зомбылық көрген сәтінің фотосын сот залында көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен бұл фотосуреттерді алып келдім. Мұнда қарындасымның соққыдан көгерген жерлер анық көрінеді. Бұл жерде бетіне бірнеше ауыр соққылар жұмсалғаны байқалып тұр. Мен Салтанат үшін қорықтым.  Оған түнгі бірде қоңырау шалдым, ол телефонды көтермеді. Сосын уайымдап, Қуандыққа телефон шалдым. Ол не болды деп таң қалды. Осыдан кейін өз үйіне шақырды. Барған кезде маған бұл маған қатысы жоқ екенін айтты», -дейді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау), 99-бабының 5-тармағының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру), 14-бабының 2-бөлігі (Аса ауыр қылмыстың қайталануы) бойынша айып тағылып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →