×

Бишімбаев Нүкенованың бетіндегі көгерген жерді көріп, жедел жәрдемнің орнына көріпкелге хабарласқан

Бишімбаевтың сөзінше, ол кейін Байжановтан бөлмені жауып кетуін сұраған

Бишімбаев Нүкенованың бетіндегі көгерген жерді көріп, жедел жәрдемнің орнына көріпкелге хабарласқан
Фото: Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Ол Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сағат 9.30-да Байжановқа қоңырау шалып, бізді үйге апаруын сұрадым. Ол Салтанатты жалаңаш көрмеуі үшін екі көрпе әкелуін өтіндім. Ол көрпе әкелді, мен оны көтердім, үстіне жауып қойдым. Ол мойнын көтеріп, қолдарын, денесін қозғалтты. Байжанов кіргенде, ол орнынан тұрды, біз оны сүйреген жоқпыз, ол қорылдағанын қойды, оянғандай болды», - деді ол.

Бишімбаевтың сөзінше, ол кейін Байжановтан бөлмені жауып кетуін сұраған.

«Мен Салтанатты жатқыздым, біз ұйықтап қалдық. Сағат 13.30-да ояндым, ол қасымд жатты, қорылдап жатты. Сол кезде бетінің сол жағында үлкен көгерген із бар екені мен мұрны іскені байқалды. Сол кезде уайымдадым. Мен таныс көріпкелге қоңырау шалдым, оны оятуға тырысқанымызды айттым, көре аласыз ба дедім. Ол маған 10 минуттан кейін қайта қоңырау шал деді, ол жай шаршаған, қатты мас деді. Кешке дейін ұйықтап, кешке үйге барасыңдар деді. Менің жүрегім тынышталды», - деді Бишімбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →