×

Қазақстандағы барлық имам бір мезетте дұға жасады

Еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосты

Қазақстандағы барлық имам бір мезетте дұға жасады
Фото: ҚМДБ

Қазақстандағы бірнеше облыста болып жатқан су тасқыны болып жатқанына байланысты еліміздің барлық имамы бір мезетте дұға оқыды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бір мезетте бір дұға» игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосып, су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады.

«Атап айтқанда, жамағатпен бір мезетте дұға жасау Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудандарында құптан намазы алдында ұйымдастырылды. Имамдар жамағатпен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі», – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Бүгін, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →