×

«Таяуда су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін»: Ресейдегі су қоймасы артық суды ағызған ба

Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді

«Таяуда су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін»: Ресейдегі су қоймасы артық суды ағызған ба
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда биыл көктемде тасқын қаупі төніп, төтенше жағдай режимін жариялаған алғашқы аймақ – Батыс Қазақстан облысы, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Басылым жазуынша, Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді. Адамдар тек құжаттары мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген. Ал үйлері түгелдей дерлік су астында қалды. Бірақ таяу арада су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін. Өйткені Ресей Орынбор облысындағы Ирикла (Ирекле) су қоймасынан артық суды ағыза бастаған.

«Бастауын Ресей Федерациясы аумағынан алатын бес трансшекаралық өзен суының деңгейі көтеріліп келеді. Соның салдарынан «Жаңақала» мен «Қазталов» аударындағы «Қараөзен» мен «Сарыөзенде» су деңгейі көтеріледі. «Шаған» мен «Деркөлге» де қауіп төнді. Жайық өзенінің деңгейі көтерілді», - деп жазылған БҚО әкімдігінің хабарламасында.

Шыңғырлау, Жақсыбай, Өлеңті, Бұлдырты өзендері тасығаннан кейін Батыс Қазақстан облысының төрт ауданына қарасты тоғыз ауылды толығымен су алды. Жергілікті биліктің есебінше, 515 тұрғын үй зардап шеккен. Қала маңындағы Подстепное мен Теректі ауылдарындағы үйлерді де су басып қалды.

Қазір құзырлы органдар қауіпті аймақтан 4525 адамды (оның 1700-і – балалар) көшірді. ТЖМ қызметкерлері мен еріктілер малды аман алып қалуға тырысып жатыр. Жергілікті әкімдіктер 1425-ке жуық ірі қара, 2004 бас ұсақ мал және 33 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →