×

Су тасқыны Жылыой ауданын да әбірге салды: Құлсары халқы қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Жергілікті әкімдік шұғыл ақпарат таратты

Су тасқыны Жылыой ауданын да әбірге салды: Құлсары халқы қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Фото: atr.kz

Атырау облысындағы Құлсары қаласында су тасу қаупі туындап, жұрт дүрлігіп жатыр. Азаматтар тасқынның салдарымен күресуге айыр, күрек алып, құтқарушылармен бірге өздері де шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласындағы жағдайға байланысты жергілікті әкімдік шұғыл ақпарат таратты. Ол мәліметте Жем өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны 2 және 3 ауыл кіру қауіпі туындауына байланысты, Құлсары қаласының 2 және 3 ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылданған.

Бірінші кезекте көшіруге жататын адамдар санаты: әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар.

Қабылдау пункттері:
* №18 орта мектеп ғимараты
* №8 мектеп ғимараты
* №9 орта мектеп ғимараты
* №6 орта мектеп ғимараты
* №5 орта мектеп ғимараты
•№1 орта мектеп ғимараты
* № 16 орта мектеп ғимараты

«Құрметті тұрғындар! Қауіпсіз аймаққа көшіру жақын жол жиегінде орнатылған «БатысТехИнвест» ЖШС автобустары арқылы жүзеге асырылады. Өздеріңізбен бірге жеке бас құжаттары, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) ала баруларыңыз сұралады», - делінген хабарламада.

Атырау облысының аумағында су тасқынына байланысты Доссор-Құлсары-Бейнеу республикалық маңызы бар трассасының 103 шақырымында, яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым жерде Құлсары-Доссор учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы толығымен тоқтатылған.

«Жағдай қалыпқа келгенше осы бағытта жолға шықпауыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта су басқан трассада патрульдік полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы трассадағы қозғалыс туралы ақпарат желінің ресми беттерінде және БАҚ-та жарияланады», – деп ескертеді ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →