×

Балаева: Салтанат Нүкенованың өлімі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің символына айналды

Министр Бишімбаевтың сотына қатысты пікірін білдірді

Балаева: Салтанат Нүкенованың өлімі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің символына айналды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономинка министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Время» газетіне сілтеме жасап.

– Аида Ғалымқызы, сіз Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымсыз. Осы ретте «Бишімбаев ісін» бақылап жүрсіз бе? Өйткені, жұртшылық әділетсіз үкім бола ма деп алаңдайды…

  – Ұлттық комиссияның барлық мүшелері осы сот процесін жіті бақылап отырмыз. Сот ашық форматта өтіп жатыр - тараптардың талабы осындай болды. Кездесуді тікелей эфирде жүздеген мың адам тамашалап жүр.  Желі қолданушылары, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер бұл процесті кеңінен жариялап жатыр. Сот әділ шешім шығаратынына сенімдімін. Мемлекет басшысы айтып отырған заңдылық пен тәртіп қамтамасыз етіледі.

Мен әйел ретінде де, ана ретінде де Салтанаттың жақындарына, анасына жанашырмын. Оның ұрып-соғуы туралы қорқынышты видеоны көру өте ауыр. 

Салтанат Нүкенованың өлімі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің барлығының символына айналды. Осы ретте ашық сот потенциалды қылмыскерлерді зорлық-зомбылықтан тыйып, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады деп сенемін.

Бұл мүмкіндікті пайдаланып қыздарға, әйелдерге үндеу жасағым келеді. Бір рет қол көтерген адам өзгереді деген елес болмауы керек. Өзгермейді! Егер ол әйелді ұрып-соғуға және оны қорлауға қабілетті болса, ондай адам негізінен моральдық ұстанымдардан және адамгершіліктен ада.

Сосын шыдаудың қажеті жоқ. Ол сені, сен оны жақсы көреміз, балаларымыз үшін шыдау керек деген ақталулардың қажеті жоқ. Ажырасу ұят емес. Шыдап жүре берсеңіз, ұрып-соғу тек жиілеп, күшейе түседі. Жазасыздық әрқашан хаос тудырады.

Адамның қадір-қасиетін қорлауға, одан бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ. Тағы да қайталаймын: соттың әділ шешім шығаратынына бек сенімдімін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →