×

«Біз келгенде пациент жүріп кетіпті, Бишімбаев айғайлап жүрді»: жедел жәрдем дәрігері куәлік берді

Дәрігер Салтанаттың беті, мұрыны, жағы жараланғанын, көзі көгеріп жатқанын көрген

«Біз келгенде пациент жүріп кетіпті, Бишімбаев айғайлап жүрді»: жедел жәрдем дәрігері куәлік берді
Фото: Jogargy_sot

Сотта 2023 жылдың 9 қарашасында «Бао» мейрамханасына шақыртумен келген жедел жәрдем дәрігері Нұрлан Мұхамединов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бізге кешкі сағат 19.55 қоңырау келіп түсті. 8 минутта жеттік. 20.03-те «Баоға» келдік. Ес-түссіз, пациент демала алмай жатыр деді. Мейрамханаға үш адам кірдік. Реанимациялық бригада болып кірдік. Мейрамханаға кіргеннен кейін бізді жас жігіт Байжанов күтіп алып, екінші қабатқа жеткізді. Байжановпен жолда сөйлеспедік. Вип-залға кірсек, диванда киімсіз, одела жабылған күйде жатыр екен. Бірден тексердік. Еденге жатқызып, жан сақтау шараларын жүргіздік. Байжанов пен Бейсембаев екеуін сыртқа шығуды өтіндім. Олар қорқып тұрды. Не жайлы сөйлескендерін білмеймін. Мен анализ сұрадым. Бірақ олар үнсіз қалды. Менің сұрағыма жауап берген жоқ. Мен көмекшіге аппаратты іске қосуды сұрадым. Пациент ес-түссіз, тамыр соғысы жоқ еді. Демалысы, жүрек қағысы жоқ. Денесі суық еді», - дейді ол.

Дәрігер Салтанаттың беті, мұрыны, жағы жараланғанын, көзі көгеріп жатқанын көрген. 

«Содан кейін жамбасынан жарақат болды. Мониторды қосқанда жүректің толық тоқтағанын көріп, ЭКГ жаздық. Жас жігіттен Байжановтан пациенттің жеке мәліметтерін сұрадым. Мен мәліметтерін алып, аға дәрігерге «жедел жәрдем келгенше өлді» деп хабар бердім. 102 нөміріне бірден қоңырау шалдым. Содан кейін полиция келді. Аға лейтенант Марченко келді. Мәйітті өткіздім. Осыдан кейін шығып кеттім», - дейді ол.

Оның айтуынша, кабинкада үстел дұрыс тұрмаған, бөтелке жатты. Шашылған. Шараптың бөтелкесін көрген.

«Бишімбаев кірді де, «ол тірі ме?» деп сұрады. Содан кейін түсіндірем дедім. Байжановқа кейін ол жедел жәрдем келгенше қайтып кеткені жөнінде хабар бердім. Бишімбаев дәлізде жүрді. Айғайлап жүрді. Оны тыныштандыратын күзетті көрген жоқпын», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл жерде тек бөбектер үйі туралы айтылып отыр
Іште жатқанда пайда болған кемістік салдарынан науқастың табаны зақымданған
Оның өнерін көрген оқырмандар ыстық ықыластарын білдіріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →