×

ЛГБТ туын өртеген блогер қайын атасына жаңа көлік сыйлады

Қайын атасы мен енесі мұндай сыйлыққа қатты қуанады

ЛГБТ туын өртеген блогер қайын атасына жаңа көлік сыйлады
Видеодан скриншоттар

Бір кездері ЛГБТ туын өртеп, аты шыққан әлеуметтік желіде миллиондаған оқырманы бар блогер Мерей Жолшы қайын атасына көлік сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол алдымен қайын атасына пранк жасап, ескі советтік көлігін тоқтарын жағып жібереді. Сосын үйдің алдында жаңа көлікті алып келеді. 

Қайын атасы мен енесі мұндай сыйлыққа қатты қуанады.

«Жалпы мен бұл көлікті беруімнің себебін айтайын. Өзім көк тиынсыз үйленгенмін. Тіпті, қалың мал бере алмаған едім. Сіздерге Алла разы болсын. Бұдан да күшті көліктер міңгізейік. Сосын қайын атамның жұмыс жағынан Жайна бір видеоға түсіріп, Whatsapp топқа жіберіпті. Әйелім «әкемнің көлігін көріп, жылағым келіп тұр, жүрегім ауырады. Әкемнің көлігін және достарының мініп жүрген көлігін қарашы» деді. Менің де көзіме жас келіп, жыладым. Қалтамада 2 мың теңге жоқ кезде сенген кісілер. Бастысы, бақытты болсын деп қызын берді. Беташардан кейін бірге тұруға мүмкіндік болмады», - деді Мерей Жолшы.

Желі қолданушылары Мерейге тілектерін айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр. Кейбіреулерін әзілдеп те жазған.

«Мықты бақытты болыңдар», «Әкесіне шығар десек», «Мен сияқты подкаблучник екенсің», «Қайын жұртқа қызмет», «Міне, нағыз күйеу бала», «Керемет», - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →