×

«Жылыойға блогерлер келіп, хайп жинап жүр»: Құлсары тұрғыны жылыойлықтарға жүгінді

Жергілікті тұрғын блогерлерге үндеу жасады

«Жылыойға блогерлер келіп, хайп жинап жүр»: Құлсары тұрғыны жылыойлықтарға жүгінді
Видеодан скриншот

Жылыой ауданы тұрғынының бірі жерлестеріне жүгініп, арандатушы блогерлерге сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Жылыойға неше түрлі блогерлер келіп, хайп жинап жүр екен. Құрметті Қазақстанның блогерлері! Сіздер келетін болсаңыздар, қолға күрек ұстап көмекке келіңдер! Бұл жерге келіп, хайп, өздеріңізге контент жасағандарың бізге қажет емес! Содан кейін ешқандай іріткі салмаңыздар. Үкіметті, халықты жамандап, біреулерді жамандап қажет емес. Біз қазір Үкіметпен бірігіп, барлығымыз бір ауыздан жұмыс жасап жатырмыз. Әкімдікте жұмыс істейтін адамдар – өзіміз сияқты үйі суға кетіп қалған адамдар. Ортақ шбат құрып, жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Ешқандай іріткі салмаңыздар!» - дейді ол.

Видеоға түскен әйел жылыойлықтарға жүгініп, блогерлерге сенбеуге шақырады.

«Жан-жақтан келіп жатыр. Ешкімнің арандатуына сенбеңіздер. Бұл жерде бізді ауызбіршілік қана алып шығады. Бүкіл Жылыой болып бір-бірімізді қолдауымыз керек. Сол кезде осы қиындықтан өтеміз», - дейді ол.

Үндеудің видеосы ze_kulsary_06 инстаграм-парақшасында жарияланды. Ол жазбада Ерболат, Ырысбала, Ерғазы, Кокожамбо сияқты блогерлерге алғыс айтады. Алайда арандатушы басқа блогерлер барын ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →