×

Дархан Сатыбалды түркістандықтарды «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырды

Отаншылдық – тазалықтан басталады

Дархан Сатыбалды түркістандықтарды «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Белсенді демалыс саябағына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдірді. Жаңа акцияны қолдау жөнінде өз үндеуін жариялады. Экологиялық акцияға қатысқан жастармен жүздесіп, пікір алмасты. Отаншылдық – тазалықтан басталатынын айтып, ағаш егіп, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді. 

«Бүгін біз қоғам үшін маңызды экологиялық іс-шарада кездесіп тұрмыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдады. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп. Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» акциясын бастадық. Осыған байланысты өткен аптадан бері аудан, қалаларда тазалық, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Осы салаға жауапты басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Арнайы техникалар, ресурстар бөлінді. Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістанымызды одан сайын түрлендіре түсеміз! Оған мүмкіндігіміз жетеді», – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.