×

Түркістан облысында арақтан бас тартқан ауыл саны ІІМ вице-министрі айтқаннан көп боп шықты

Ішімдіктен бас тартқан ауылдар

Түркістан облысында арақтан бас тартқан ауыл саны ІІМ вице-министрі айтқаннан көп боп шықты
Фото: freepik

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Түркістан облысында арақтан бас тартқан ауыл саны 7 деген еді. Алайда Qaz365.kz тілшісі өңір әкімдігіне хабарласып, ішкіліктен бас тартқан ауыл саны одан көп екенін анықтады.

Әкімдіктің хабарлауынша, Түркістан облысындағы «Арақсыз ауыл» үндеуін қабылдап, ішімдіктен бас тартқан елдімекендер тізімі 19 ауыл екен. Мәселен, Арыс қаласы Дермене ауылдық округіне қарасты 4 елдімекен Дермене, Теміржолшы, Орманды елді, 40-разъезд осы тізімде. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі Түйетас елдімекенінде, Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі Алмалы елдімекенінде, Келес ауданы Біртілек ауылдық округі Шұқырсай елдімекені мен Қошқарата ауылдық округі Мақташы елдімекені, Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі Табысты елдімекені де арақтан бас тартқан. 

Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында да арақтан бас тартқан бір-бір елдімекеннен бар.

Еске сала кетейік, Игорь Лепеха Қазақстанда ауылдары арақтан ең көп бас тартқан өңірлерді атаған болатын.  

Лепеха ондағы халық енді ішпейміз деп шешім қабылдағанын, бұл олардың бастамасы болғанын айтады. 

«Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда қылмыс бірнеше есе азайғанын байқадық, – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →