×

БҚО-да тұрғын тасқын судан үйін қалай аман алып қалғанын көрсетті

«Үй құрғақ» дейді ол

БҚО-да тұрғын тасқын судан үйін қалай аман алып қалғанын көрсетті
Видеодан скриншоттар

Әлеуметтік желіде бір қызықты видео тарап жүр: кадрды түсірген адам су тасыған кезде есігін қатыратын көбік (пена) жағып, үйіне бір тамшы су кірмегенін көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеоны БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылының тұрғыны түсірген. Видеода жігіт судың іргетастан сәл асқан ізін көрсетеді. 

«Кетерде осылай пеналап кеттім. Есікті жауып, су кірмейтіндей еттім. Соның арқасында үйге су кірмеген», - дейді ол.

Расында да, үй ішіне су кірмегенін әлгі жігіт бөлмелерді аралап көрсетеді. «Үй құрғақ» дейді ол. Үйдің көлік тұратын гаражына да қатыратын көбік жағып кеткен. Ол жаққа да су кірмеген. 

Салынған видеоның төменгі жағына азаматтар әртүрлі пікір қалдырып жатыр. «Қазақтың еврейісің-ау по ходу» деп тамсанады біреу. Бәрібір «22 млн теңгені алып қалуға тырыс» деп ақыл айтады екіншісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →