×

Астана су қоймасы 99% толды – министрлік

Мамандар су қоймасын күні-түні бақылап отыр

Астана су қоймасы 99% толды – министрлік
Фото: primeminister.kz

Астана су қоймасы 99% толды. Мамандар су қоймасын күні-түні бақылап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Келген суды транзиттік режимде өткізіп жатырмыз. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады. Тасқын суы Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы өтіп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астана маңындағы бірқатар ауылдарға үлкен су таяп қалды деген жалған ақпарат таралған еді. Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде жалған ақапарат таратып, қажетсіз дүрбелең тудырғандар жауапқа тартылатынын ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →