×

Маңғыстауда «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті

«Қошқар ата» қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым қашықта орналасқан

Маңғыстауда «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті

Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшұқыр елді мекенінде орналасқан «Қошқар ата» қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, сенбілікке М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы қызметкерлері мен Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы атсалысты. 

“18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық акциясына өз үлесімізді қосып, сенбілік өткіздік. Көктем мезгілі жаңару мен жаңғыру, күл-қоқыстан тазару маусымы. Табиғатты аялайық. Өңір келбетін көркейтуге әрбір тұрғын атсалысуы керек”, - деді М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы директоры Данияр Сағынғалиұлы. 

Сондай-ақ, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Ынтымақ Божанов тарихи орындарды күтіп, сақтау маңызы жөнінде айтты. 

“Өздеріңізне мәлім ел аумағында 25 мыңнан тарихи-мәдени ескерткіш бар.Соның бірегейі — «Қошқар ата» қорымын қоқыстардан тазартып жатырмыз. Болашақ ұрпақ  үшін тарихи орындарды күтіп ұстауға баса мән беру керекпіз. Көтеріңкі көңіл-күймен сенбілікті өткердік, киелі, тарихи-табиғи орындардың құндылығын дәріптеуге атсалысып жүрміз деп ойлаймын”, - деді Ынтымақ Божанов. 

Айта кетейік, «Қошқар ата» қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым қашықта солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ  Маңғыстау облысы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 81 ескерткіш есепке алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды
Кеше, 16:57

Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды

Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде
Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →