×

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

«Киелі мекен» апталығы аясында ШҚО-дағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар мен тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды. 2014 жылы ашылған бұл алты метрлік монументтің авторы – Нұрлан Далбай. Аты аңызға айналған қолбасшы ат үстінде бейнелеген.

«Абаттандыруды нақ осы Қабанбай батыр ескерткішінен бастағанымыздың өзіндік мәні бар. Бұл – жай ғана монументалды тарихи-мәдени нысан емес, қасиетті орын! Сондықтан осы аумақты тәртіпке келтіріп, абаттандыру өте маңызды», – дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алдияр Әубәкіров.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар қыс мезгілінде ескерткіштің айналасына жиналып қалған бүкіл қоқысты тазартты. Бір апта ішінде олар Шығыс Қазақстандағы басқа да киелі орындардың аумағын ретке келтіреді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Ол бес аптаға созылады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Кеше, 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →