×

Ішімдіктен бас тарста, адамның қай мүшесі бірінші болып қуанады

Ішімдіктен бас тартудың денсаулыққа пайдасы қандай

Ішімдіктен бас тарста, адамның қай мүшесі бірінші болып қуанады
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда ауылдары арақтан ең көп бас тартқан өңірлерді атаған болатын. Бұл тізімде Түркістан облысында мұндай 7 ауылдың аты аталды. Алайда шын мәнінде өңірде «Арақсыз ауыл» үндеуін қабылдап, ішімдіктен бас тартқан 19 ауыл бар болып шықты. Яғни, Түркістан облысы алкогольді сусындардан бас тарту жағынан көш бастап тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тарқатып айтар болсақ, Арыс қаласы Дермене ауылдық округіне қарасты 4 елдімекен Дермене, Теміржолшы, Орманды елді, 40-разъезд осы тізімде. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі Түйетас елдімекенінде, Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі Алмалы елдімекенінде, Келес ауданы Біртілек ауылдық округі Шұқырсай елдімекені мен Қошқарата ауылдық округі Мақташы елдімекені, Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі Табысты елдімекені де арақтан бас тартқан. Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында да арақтан бас тартқан бір-бір елдімекеннен бар.

Енді мына қызықты қараңыз, Сайрам ауданы Қайнар Бұлақ округіне қарайтын 8 ауылдың жетеуі бірдей ішімдіктен бас тартқан. Олар Таскешу, Әсіларық, Қасымбек датқа, Тоған, Шіркін, Ошақты, Құрлық ауылдары. Ауыл ақсақалдары тура 4 жыл бұрын ораза кезінде дүкендерді аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Биылғы рамазан айында бәрі нәтиже шығарып, спирттік ішімдік атаулыны жоқ қылған. Мұндай жағдай бұл аймақта бұрын-соңды болған емес. Ауылдардағы 30 дүкеннің бірде-бірінен алкогольді ішімдікті таппайсыз.

Жалпы Қайнарбұлақ округінде 11 мың халық бар. Әр ауылда екі мыңнан астам адам тұрады. Солардың бәрі өзара тату. Өйткені халқы салауатты өмір салтын кешеді, санасы тұнық. Сондай-ақ, бұл ауыл күніне 20 тонна шығаратын ірімшік зауытымен әйгілі.

«Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда қылмыс бірнеше есе азайғанын байқадық», – дейді Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.

Ал енді осы жағдай, яғни, ішімдіктен бас тартудың денсаулыққа пайдасы қандай? Осы жағын сұрау үшін белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шүкрі Думлу мырзадан сұрадық:

- Нашақорлық секілді маскүнемдік те - адам адам болғалы күні бүгінге дейін қалмай ілесіп келе жатқан ежелгі дерт. Соңғы дерек бойынша Қазақстанда бір жылда 261,5 миллион литр сыра өндіріледі екен. Алайда сарапшылардың есебінше, Түркістан облысы - алкогольді сусындарды ең аз ішетін өңір екен. Мұндағы көрсеткіш көш басындағы өңірден 20 есе аз. Адам басына шаққанда небары 300 грамнан келетін көрінеді. Тіпті ішімдіктен мүлдем бас тартқан ауылдар да бар.  Жалпы, ішімдіктің зияны мен, одан арылудың пайдасы қандай?

 - Жалпы, құрамында алкоголі бар сусындар адамның бауыр, бүйрегін зақымдайды. Майлы гепатоз - бұл бауыр трансплантациясы қажеттілігінің пайда болу себебінің алғашқы үштігіне кіретін ауру. Оның мәні – ағзаның жасуша-гепатоциттерде майдың артық жиналуы. Майлы гепатоздың даму қаупін арттыратын факторлар: холестерин деңгейінің жоғарылауы, гиперинсулинемия және инсулинге төзімділік, зәрдегі микроальбумин, қандағы урат деңгейінің жоғарылауы, көмірсу алмасуының бұзылуы, теңгерімсіз тамақтану, отырықшы өмір салты. Сонымен қатар, бауырына артық май жиналғандардың көпшілігінде висцеральды (іш аймағында) семіздік, яғни артық салмақ бар. Белдің өлшемі әйелдерде көлемі 80 см-ден асады, ер адамдарда 94 см; Көбінесе майлы гепатоз ұйқы безінің қабынуы, яғни созылмалы панкреатитпен бірге жүреді. Сондықтан арақты қойған адам ішімдіктен бас тартудың денсаулыққа пайдасы бірден байқалады. Ең біріншіден, бауыр жасушаларын сақтап қалады. Сондай-ақ, алкогольдік сусындардан бас тарту холестеринді азайтып, ағзадағы артық майды «жағады». Яғни, ағза майдан тазарады.

Соңғы жылдары жиілеп кеткен бауыр циррозының да бірден-бір қоздырғыш күші - алкогольді ішімдік. Сондықтан адам егер спирттік ішімдікті мүлдем пайдаланбаса, ағза өзін өте жақсы «сезінеді».

- Енді осы айтылғандарды нақты цифр, деректермен тізбектесек, облыста денсаулық сақтау көрсеткіші қалай, артқан ба? Оған осы ішімдіктен бас тартқан ауылдар ықпал етуі мүмкін бе?

 - Әрине, бір емес, екі емес, 20 шақты ауылдың салауатты өмір салтына көшуі аймақтағы халықтың ахуалына айтарлықтай әсер етеді. Бірақ енді оның нақты статистикасы жоқ, өйткені аталған ауылдардың бұл қадамға барғанына айтарлықтай көп уақыт болған жоқ, ал кез келген тәжірибе уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Бірақ, Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы мемлекеттік бағдарламалар көрсеткіші бойынша көш басында. Оны мақтана айтуымыз керек. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 20 көрсеткіштің екеуіне ғана қол жеткізілмеген.  Қала берді облысымызда биыл қатерлі ісік салдарынан болатын өлім-жітім 13,6%-ға төмендеген. Қатерлі ісіктің 0-І сатысын ерте диагностикалау көрсеткіші 2023 жылы 21,1 %-ға өсті (2022 жылы - 18,9%)6 ал III, IV кезеңдердің көзге көрінетін локализациясының кең тарағанжәне асқынған қатерлі ісіктерінің көрсеткіші 17,2 % төмендеп, 9,3 %-ды (2022 ж.– 11,3 %) құрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды
Бүгін, 17:40

Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды

Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма
Алматы қаласында іскерлік белсенділік артты
Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →