×

ҚМДБ Бишімбаев пен марқұм Нүкенованың некесіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ мәлімдеме жасады

ҚМДБ Бишімбаев пен марқұм Нүкенованың некесіне қатысты мәлімдеме жасады
Коолаж: kursiv.media

Астанада өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына оның некесін қиған имамның шақырылатыны айтылған еді. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабының 3-тармағында тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана мойындалатыны белгіленген.
Осыған орай ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібінің тиісті талабына сәйкес мешіт қызметкерлері неке қию рәсімі алдында болашақ ерлі-зайыптылардан Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті талап етеді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қоңарбайұлы жазды.

«2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде «жасалу үстінде» деп жауап берген. Сонымен қатар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген», - деп жазды Ағабек Қоңарбайұлы.

Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіт имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы АХАТ бөлімінде ресми тіркелмеген, дініміз бен дәстүрімізге қайшы келетін «азаматтық некемен» үйленудің шариғаттағы үкімі харам екенін тағы да хабарлайды. ҚМДБ Қазақстан азаматтарын арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәлі істерден аулақ болуға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды
Бүгін, 17:40

Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды

Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма
Алматы қаласында іскерлік белсенділік артты
Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →