×

ШҚО білім беру мекемелерінде ата-аналардан ақша жинау фактілері тіркелмеді

Іс-шарада заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірілді

ШҚО білім беру мекемелерінде ата-аналардан ақша жинау фактілері тіркелмеді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін «Білім беру мекемелеріндегі заңсыз ақша жинаудың алдын алу шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Конференияға ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева және білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы, заңгер Досым Жексенғазыұлы қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін жыл басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен Зайсан, Шемонаиха, Алтай, Самар, Ұлан аудандарының және Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар өткізіліпті.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы өкілдері Өскемен қаласында облыстық, қалалық мектептердің, колледждердің, балабақша директорларына жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Башевтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Департамент өкілдері оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірілді.

Кешенді жоспардың 3-тармағын орындау мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебінде, Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар және педагогтармен жиналыс өтті.

Білім беру мекемелерінің сайттарында заңсыз қаражат жинауға тыйым салу туралы бұйрық жарияланғандығы туралы айтылды. Жыл сайын қыркүйекте бұйрықтар жаңартылып, мұғалімдер мен ата-аналар таныстырылады.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» ерікті клубтары мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары ұйымдастырылған.

Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 2021-2023 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім беру саласы қызметкерлеріне қатысты 17 қылмыстық іс қарастырған екен.

Ал ата-аналар тарапына демеушілік көмек көрсетілетін жағдайда не істеу керек? БАҚ өкілдері тарапынан қойылған бұл сұраққа білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы, заңгер Досым Жексенғазыұлы жауап берді.

– Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде беру үшін хаттамалық шешім шығарады. Оның жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды, – дейді білім басқармасының өкілі.

Сондай-ақ мектеп әкімшілігі жылына кемінде 2 рет қамқоршылық кеңеске бюджет қаражатының жұмсалуы, «Ашық мектеп – ашық бюджет» жобасын іске асыру және білім беру ұйымының қызметі туралы есеп береді.

Білім басқармасы ашық мемлекеттік орган болғандықтан, құзырлы орган құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды ресми түрде де, жасырын түрде де қабылдауға дайын екен. Сенім телефоны – 700800.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттегі «Таза Қазақстан» акциясы: қала тұрғындарын экологиялық мүдде біріктірді
Кеше, 16:15

Шымкенттегі «Таза Қазақстан» акциясы: қала тұрғындарын экологиялық мүдде біріктірді

Акцияға  «Жасыл ел» жастар жасақтары, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар атсалысты  
Мемлекеттік жәрдемақыларға 1,5 трлн теңге қаражат бөлінген
Құндылықтарды дәріптейтін фестиваль

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →