×

Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумы өтеді

Форум АҚШ Елшілігінің қолдауымен өтеді

Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумы өтеді

30 мамырда Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII QAZAQFORUM-ы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Форумның басты тақырыбы: “Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа”.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өтетін форумның мақсаты – қазақ тіліндегі контенттің сапасын арттыру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану және медианың болашақтағы даму жолдарын талқылау. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева форумның ресми ашылуында сөз сөйлеп, панельдік сессияның спикері болмақ.

Биыл жетінші рет өткізіліп отырған QAZAQFORUM – қазақ тіліндегі онлайн-контент жасаушыларға өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін маңызды платформа. Форум барысында мамандар болашақтың технологиялары, контент жасау мен тұтынудың мәдениеті, жасанды интеллекттің қауіпсіздігі мен халықаралық реттеу стандарттары, сондай-ақ, креативті индустрия, мәдениет және технология тақырыптарын қозғайды. Сарапшылардың қатарында АҚШ-тан келген арнайы қонақ тәжірибесімен бөліседі.

Сонымен қатар күнделікті өмірде нейрожелілерді пайдалану мен жасанды интеллекттің көмегімен контент жасаудың тәсілдері бойынша мастер-класстар өткізіледі. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысынан су тасқыны туралы 360 форматта түсірілген арнайы репортаж да қатысушылардың назарына ұсынылады.

QAZAQFORUM туралы толық ақпаратты http://www.qazforum.kz сайтында және@qazaqforum Инстаграм парақшасында табуға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →