Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне оң баға беріп жатыр
Әлеуметтік желіде депутат Руслан Берденовтің «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының ең биік нүктесінде тұрған видеосы таралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәжілісмен Руслан Берденов әйгілі комекс кейіпкері Бэтменнің костюмін киіп, Астанадағы ең биік ғимараттың үстіне шыққан. Ол 1 маусым – балалар мерекесіне орай осындай қадамға барғаны туралы айтылған. Бейнежазбаны мобилограф Әділет Рахметолла түсірген.
Депутаттың және Respublika партиясының әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл видео туралы бірде бір пікір жазбаған.
Руслан Берденов халық арасында құмар ойындар мен букмекерлік орталықтарға тыйым салу туралы бастама көтеру арқылы танымал болған. Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне оң баға беріп, «Олимпбэтмен» деп атап жатса, кейбірі «еріккен депутат» деп сынап жатыр.