×

Түркістандық келіншек жетінші баласын босанды

Алтын құрсақты ананың өзі мектепте психолог болып істейді

Түркістандық келіншек жетінші баласын босанды

Қазығұрт ауданында көпбалалы ана аман-есен жетінші ұлын дүниеге алып келді. Бүгінде алтын құрсақты ананың жасы 37-ге келген. Құдай қосқан жұбайы екеуі өсіп-өнген ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сәуір айының 16-шы жұлдызында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде Динара Балтаева 7-ші нәрестесін дүниеге алып келді. Баланың салмағы 3710 граммды құрасы, бойы 52-см болған.

Динара Балтаеваның үлкен ұлы 13-жаста. Алтын құрсақты ананың өзі мектепте психолог болып істесе, ал жұбайы жерқатынастар бөлімінің қызметкері екен. Динараның айтуынша әлемдегі ең керемет сезім ол ана бақытын сезіну дейді.

«Біздің перзентхана бөлімінде көп балалы ана жетінші ұлын өздігімен дүниеге алып келді. Салмағы 3 келі 710 грамм. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы бір қалыпта. Ешқандай қауіп жоқ. Анасы баласын өзі емізіп, жеке бөлмеде жатыр. Жағдайлары жақсы»-дейді акушер-гинеколог Мадина Абдуалиевна.

Айта кетейік, Динара Балтаева барлық ұл қыздарын Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде дүниеге алып келген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →