×

Түркістан облысының дәрігерлері ізденімпаз – Алексей Цой

Орталық басшысы жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді

Түркістан облысының дәрігерлері ізденімпаз – Алексей Цой

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесіп, өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орталық басшысы жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді.

Кездесу нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі мен Медициналық орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аймақ тұрғындарына дәрігерлердің кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік береді.

«Біздің өңірде халық тығыз орналасқаны белгілі. Еліміздегі әрбір төртінші көпбалалы ана осында тұрады. Әрбір алтыншы-жетінші сәби де біздің өңірде дүниеге келеді. Соңғы бес жылда өзге көрші өңірлерге 484 мың адам қоныс аударған. Сондықтан Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау мен білім саласын дамыту ең маңызды мәселе болып отыр. Өңірде бірқатар жаңа медициналық нысандар бой көтеріп жатыр», – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндерінің» негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, әлемдік стандарттарға сай озық технологияларды трансферттеу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру.

«Түркістан облысының дәрігерлері ізденімпаз, медицинадағы жаңа әдіс-тәсілдерді тез үйреніп алуға бейім. Көптеген күрделі оталарды жергілікті дәрігерлер де өте жақсы жасайды. Ол үшін алысқа барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Озық технологиялар да жеткілікті. Бұл бағыттағы өңірдің әлеуеті жоғары. Кадр жасақтау, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, халықпен жұмыс істеу, дәрігерлік этиканы көтеру бойынша жұмыстарға басымдық беріледі. Мұның бәрі медицинаның сапасын арттыруға және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі», – деді өз сөзінде Алексей Цой.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →