×

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Жағалаудан өзге, су асты да тазартылды

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары да тазартылып жатыр.  Бүгін 100-ден астам адам «Таза су айдыны» шарасына қатысып, шомылу орындарының маңындағы күл-қоқыстарды жинап арнайы полигонға жіберді. Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының, «Ақтөбе балықшылары» еріктілер қозғалысының, сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанатының «AMANAT» партиясының облыстық филиалының мүшелері қатысты. Мұндай жұмыс жаз бойы жалғасатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экологиялық акция Ақтөбе су қоймасының аумағында өтті. Мұнда бірнеше шомылу орны болғандықтан, келушілер көп. Шашылып жатқан қоқыс та аз емес. Әрі биылғы су тасқынынан кейін тал-теректің арасы қалдыққа толған. Жастар мен еріктілер барлығын теріп, тазалады.