×

Масс-медиа туралы заңға тек Тоқаевтың қол қоюы қалды

мемлекеттік емес БАҚ құралдарына да гранттар бөлінеді

Масс-медиа туралы заңға тек Тоқаевтың қол қоюы қалды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бүгін Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдап, президенттің қол қоюуына жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, мемлекеттік емес БАҚ құралдарына да гранттар бөлінеді. 

Сондай-ақ жаңа заңда мынандай түзетулер бар:

БАҚ-тағы материалдарға талап қою мерзімі бір жылды құрайды;

•  Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды.
•  Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді.
•  Үшінші, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
•  Төртінші, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді.

Мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%). Отандық теле-радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-радиоарналардағы көлемін 50%- дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделген. Отандық теле-радиоарналардағы шетелдік бағдарламаларды ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту% белгіленді, - деді сенатор Айгүл Қабпарова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Декларацияны тапсыруға үш күн қалды: 300 мың адамға айыппұл салынуы мүмкін
Бүгін, 13:03

Декларацияны тапсыруға үш күн қалды: 300 мың адамға айыппұл салынуы мүмкін

Декларация тапсыру процесі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →