×

Түркістан қалалық орталық ауруханасы жаңа деңгейге көтерілді

Денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің саясатындағы стратегиялық басымдықтарға ие екені белгілі

Түркістан қалалық орталық ауруханасы жаңа деңгейге көтерілді
Фото: govkz

Түркістан қаласының Түркістан қалалық орталық ауруханасы бүгінде қаланың ғана емес, облыс бойынша жоғары деңгейге жеткен және медициналық қызметтер нарығында лайықты орын алатын, ірі емдеу мекемелерінің бірі болып саналады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта ауруханада 26 дан астам құрылымдық бөлімшелер бар, оның ішінде 15 клиникалық және 9 параклиникалық. Хирургия, ангиохирургия, гинекология, урология, офтальмология, травматология, нейрохирургия, интервенциялық кардиология, оториноларингология, жақ – бет хирургиясы, терапия, нефрология, эндокринология, пульмонология, кардиология, неврология, ревматология бейіндері бойынша халыққа мамандандырылған шұғыл – жоспарлы стационарлық және консультациялық – диагностикалық медициналық көмек көрсетіп келе жатқан бірыңғай орталық.

Денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің саясатындағы стратегиялық басымдықтарға ие екені белгілі. Аурухана әкімшілігі де өңіріміздің медицина саласын үздіксіз дамытып, жаңа жоғары технологиялық деңгейіне шығуда. Оның бір дәлелі еліміздің жетекші жақ – бет хирургі Қанағат Қожамжаров туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні (альвеолярный отросток) бар, сондай – ақ жол – көлік оқиғасының нәтижесінде көз, мұрын және жоғарғы жақ сүйектерінің ауыр жарақаттарымен түскен пациенттерге күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлерін орындауда, атап айтқанда: хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика, остеосинтез және т.б. Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырықтары бар балалардың туу жиілігі артып келе жатқандығы өзекті мәселелердің біріне айналғаны анық, өйткені барлық туа біткен ақауларының шамамен 13% құрайды және соңғы жылдары мұндай пациенттердің саны 2 есе өскен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады
Кеше, 12:06

3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады

"Золотая корона" – бұл шот ашпай-ақ жылдам ақша аудару қызметі
Заманауи емдеу орындарының ашылуы халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады
Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды жерде тұрады
Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →