×

Түркістандық дәрігерлер соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті

Жеңіс күні Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар елді мекенінің тұрғыны 102 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді

Түркістандық дәрігерлер соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарының қызметкерлері 11 ардагерге және оған тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қаза тапқан жауынгердердің жесірдеріне және олардың көзін көрген қарттарымызға алғыс айтып, мерекемен құттықтап, денсаулықтарына аса көңіл бөлініп, медициналық-профилактикалық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ордабасы ауданындағы медицина қызметкерлері Бадам елді мекенінің тұрғыны ауданымыздың мақтанышы 100 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері Мұратов Калмен ақсақалдың шаңырағына Ордабасы орталық аурухана ұжымы Ұлы жеңіс мерекесіне орай арнайы барып жағдайымен танысып, мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты.

Жеңіс күні Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар елді мекенінің тұрғыны 102 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді. Жузеев Исабай Ұлы отан соғысының ардагері 1944-1945 жылдары Германияда Ордер өзенінің бойындағы көптеген қалаларды азат етіуге қатысты. Берлин қаласында соғысты, Эльба өзеніне дейін жетті. Соғыс ардагерінің денсаулығын тексеру мақсатында невропатолог, лор, окулист, уролог, жалпы тәжірибелі дәрігері барып, медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізді. Электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы өлшенді.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылындағы Ұлы Отан соғыс ардагеріне де медициналық көмек көрсетілді.

Жумабаев Акимбай 1923 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылы 122 атқыштар полкінің құрамында Сталинградты азат етуге қатысқан. Соғыста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда ардагер атамыз 101 жаста.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі
Кеше, 20:42

Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі

Ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады
Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →