×

Алматы облысында тойда қонақтар әуеге автоматтан оқ атқан

Видеоға облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді

Алматы облысында тойда қонақтар әуеге автоматтан оқ атқан
Фото: flectone.ru

Алматы іргесіндегі Талғар ауданында тойға келген қонақтар атыс қаруынан көшеде әуеге оқ атқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған кадрдан тойға көп адам келгенін байқауға болады. Бұл жайт Алматы облысының Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған. Той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адамның әуеге оқ атқаны видеоға түсіп қалған. Видеоға облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

«Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды
Бүгін, 10:14

Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды

Ел мәдениетіне жат киім ретінде танылған
Елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру шаралары жүргізіліп келеді
Алғашқы отада жасы 60-тан асқан тұрғынның ауруы асқынып кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →