×

Түркістан облысының ауылдарында қанша медициналық нысан салынатыны белгілі болды

Сондай-ақ төрт аудандық ауруханаға күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделген

Түркістан облысының ауылдарында қанша медициналық нысан салынатыны белгілі болды
Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысының әкімдігімен әріптестікте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірдің медициналық жұртшылығымен кездесуде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова айтты.

Жобаның шеңберінде ауылда 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарының құрылысы көзделген. Бұл нысандар озық медициналық жабдықтармен жарақтандырылып, білікті медициналық персоналмен қамтамасыз етілетін болады, бұл ауылдық аумақтардың тұрғындарына өз елді мекендерінде тікелей қолжетімді және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ төрт аудандық ауруханаға: Сарыағаш, Жетісай, Ордабасы және Сайрам ауруханаларына күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл мекемелер ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің негізі болады.

Бұдан басқа, Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес Түркістан қаласында 190 төсектік көпбейінді аурухана мен облыстық балалар ауруханасы, Сарыағаш қаласында - аудандық орталық ауруханада 240 төсектік перинаталдық орталық, сондай-ақ Сарыағаш және Арыс қалаларында екі емхана салынады.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ауылдық жерлерде кездесетін негізгі проблемалардың бірі – медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі. Бүгінде Түркістан облысында 245 штат бірлігі бос тұр, оның 135-і ауылда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →