×

Маралды ауылының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр

Аймақ басшысының тапсырмасымен абаттандыру, жарықтандыру, ауыз су тарту жұмыстары қолға алынған

Маралды ауылының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында жарықтандыру, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен абаттандыру, жарықтандыру, ауыз су тарту жұмыстары қолға алынған. Бұл күнде ауыл ішіндегі жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын көше жолына асфальт төселген.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша ауылда абаттандыру, көшелерге жарық шамдар орнату, ауызсу тарту жұмыстары жүргізілген.

«Ауылдағы мектепке Starlink интернет желісі орнатылды. Сондай-ақ балалар ойнайтын алаңқай жаңартылып, футбол алаңын салу жоспарланып отыр. Былтыр ауыл ішінде хоккей ойнайтын мұз айдыны жасалған. Аздаған кемшіліктер анықталды. Мердігер олқылықты қалпына келтіріп береді. Сонымен қатар ауылдағы мәдениет үйінің сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілді», – деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков.

Ауылдық округ су тасқынының алдын-алу жұмыстарына да тыңғылықты дайындалған. Тасқынға тосқын болу үшін Маралды, Күршім өзенінің бойында арнайы бөгеттер салынған.

Жалпы, Маралды ауылдық округінің әлеуметтік әлеуеті жаман емес. Алда ауылда егістік көлемі де ұлғаймақ. Омарта шаруашылығын дамыту да жоспарда бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →