×

Астананың 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту жоспары әзірленіп жатыр

«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді

Астананың 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту жоспары әзірленіп жатыр
Фото: gov.kz

Астана әкімдігі қаланың кәріз желісінің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір елорданың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және бірінші жинақтаушы тоғаннан, 610,8 шақырым нөсер, дренаж және арық-науа кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады, олар аумағы 16,7 мың гектардан асатын жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз етеді.

«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау және т.б. Сондай-ақ нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде қалада нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 шақырымнан астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды.

2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды, оның шеңберінде 10 шақырымнан астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды.

Қазіргі уақытта Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Оның ұзындығы – 8 шақырым, бұл қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторының толық аяқталуы осы жылдың күзіне жоспарланып отыр.

Осы жылдың маусым айының соңында нөсер кәріз жүйесін өткізетін кәріз коллекторының 1-ші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қосымша сорғыларды орнату және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл коллектордың құрылысы мен іске қосылуы сол жағалаудағы басқа коллекторлардың жұмысын жеңілдетеді.

Биыл нөсерлі кәріздің 5 жобасы бойынша жұмыс жалғасуда, оның үшеуін аяқтау жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында 5 шақырымнан астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы аумағында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады. 

Сондай-ақ нөсер кәрізі желілері мен құрылыстарының 8 объектісін жобалау жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Астана қаласында 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →