×

Қазақ тілін «мәдениетсіздіктің белгісі» деп атаған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Ауғанстан қазақтары туралы фильмге демеуші болды

Деректі фильмде Ауғанстандағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір салтын көрсетеді

Қазақ тілін «мәдениетсіздіктің белгісі» деп атаған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Ауғанстан қазақтары туралы фильмге демеуші болды
Фото: weproject.media

Астанада «Ауғанстандағы қазақтар» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Деректі фильмнің авторы «Жалғыз жолаушы» YouTube арнасының жүргізушісі Санат Ілияс. 

Деректі фильмде Ауғанстандағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір салтын көрсетеді. 

«Деректі фильмді түсіруге Ауғанстанға жалғыз аттандым. Түсірілім 6 күнге созылды. Жабық көрсетілімді ұйымдастыруымның себебі – сол жақтағы қазақтардың сәлемдемесін отанына жеткізу болды. Фильмнің негізгі мақсаты – Ауғанстандағы қазақтарды елге қайтару. Түсірілімге дейін Ауғанстандағы қазақтармен сөйлестім. Солардың бірі Асадулла есімді ағай Мазари-шариф қаласында тұрады. Мені сол кісі Ауғанстанға шақырды, өзі күтіп алды. Ауғанстандағы қазақтар бұл сапарымда көп көмектесті», - деді Санат Ілияс.

Айта кетейік, фильмді түсіруге демешілік танытып, Ауғанстан сапарына қаржылай қолдауды Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов білдірген. Аталмыш компания басшысы 2023 жылы елге келген ресейліктер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанда «орыс тілін біле тұра» қазақ тілінде сөйлегендерді сынап, мұны «ұлтшылдық пен мәдениетсіздіктің белгісі»  деп атаған. Кәсіпкер сөзін желі қолданушылары қатаң сынға алып, компанияның қызметін пайдаланудан бас тарту науқаны да басталған еді. Тіпті, Алматы полиция департаменті Рамиль Мухоряповтың айтқанына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, оның сөзінде әлеуметтік, ұлттық, тектік алауыздық қоздыру белгілері бар-жоғын тексерген. Полиция «қылмыс құрамы болмағандықтан» істі тоқтатқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →