×

«Бірегей ота жасалды»: Түркістандық дәрігерлер күйік шалған баланың санындағы терісін басына қондырды

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты отаға 1 ай уақыт дайындаған

«Бірегей ота жасалды»: Түркістандық дәрігерлер күйік шалған баланың санындағы терісін басына қондырды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жеті жасар балаға бірегей ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүлдіршін ыстық майға күйіп, бас терісінің 90%-ы күйік шалған. Ол 13 сәуір күні жедел жәрдем қызметімен Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізілген. 

Науқасқа мамандандырылған көмек көрсету үшін Түркістан облыстық балалар ауруханасынан дәрігерлер шақыртылған. 

Облыс орталығынан келген білікті мамандар 16 сәуір күні күйік шалған баланы санавиация желісімен Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырған.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты отаға 1 ай уақыт дайындап, антибактериалды, инфузиялық ем, күнделікті таңып-байлау емдерін жүргізген. 

«14 мамыр күні 7 жасар баланың басына аутодермапластикалық ота жасалды. Ота кезінде комбустиологтар Шолпан Кадирова және Бақыт Абдуманов баланың сан аймағынан терісін алып, басына тері қондырды. Ота сәтті өтіп, бала үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта науқасқа оңалту емі жүргізілетінін жеткізді»,- деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қадір түні оқылатын таңдаулы дұғалар
Бүгін, 20:24

Қадір түні оқылатын таңдаулы дұғалар

Күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан  17-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр
Forbes есебіне қарасақ, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған
Қайтарылған дүниенің сатылғаны жайлы ақпараттар шыққанымен, тәркіленгені жайлы жаңалықтар саябырлап қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →