×

Ауғанстан қазағы: Қазақстанға жіберген балаларымыз ол жақтан орысша ғана үйреніп келеді

Ауғанстанда тұратын қандасымыз бұл мәселені шешу үшін не істеліп жатқанын айтты

Ауғанстан қазағы: Қазақстанға жіберген балаларымыз ол жақтан орысша ғана үйреніп келеді
Скриншот

«Жалғыз жолаушы» YouTube-арнасы Ауғанстан астанасы Кабулде тұрып жатқан жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігін көрсететін деректі фильм түсірген болатын. Осы фильмде Әмидолла есімді жергілікті тұрғын өз ұлтын дәлелдеуде қандай қиындықтарға тап болып жүргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан билігі бізді, яғни Ауғанстандағы қазақтар өзгеріп, «пуштун, парсы болып кеткен» дейді. Олардың айтуынша, қазақ болуы үшін қазақ тілін білуіміз керек. Әйтпесе құжаттарымызда қазақ деп тұр, тіпті руымыз да жазылған. Осының бәрін білеміз, тек қазақ тілінде сөйлемейміз», – дейді ол.

Сондай-ақ Ауғанстанда тұратын қандасымыз бұл мәселені шешу үшін не істеліп жатқанын айтты.

«Жыл сайын Ауғанстаннан Қазақстанға «қазақ тілін үйренемін» деп көптеген жастар кетеді. Бірақ ешқайсысын не тілді, не әдебиетті оқып келмейді. Оқу орындарына түсіп, IT, компьютер технологиясы сияқты мамандықтар ағылшын не орыс тілінде оқытылады. Сөйтіп мында оралғанда «қазақша үйреніп келдің бе?»  десең, «жоқ, орыс тілін білемін» дейді. Қазақстан жақсы оқытады, бірақ қазақ тілін үйрете алмайды», – дейді Әмидолла.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ тілін «мәдениетсіздіктің белгісі» деп атаған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Ауғанстан қазақтары туралы фильмге демеуші болғанын жазғанбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады
Кеше, 12:06

3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады

"Золотая корона" – бұл шот ашпай-ақ жылдам ақша аудару қызметі
Заманауи емдеу орындарының ашылуы халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады
Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды жерде тұрады
Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →