×

Асқазан-ішек жолдарына қан кетпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі

Науқас ауруханаға ауыр халде келіп, бірден жансақтау бөліміне түскен

Асқазан-ішек жолдарына қан кетпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі

Түркістан облысындағы Шардара аудандық орталық ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Орынбек Джаббаров жансақтау бөліміне түскен науқастың асқазан ішек жолдарына эндоскопиялық ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шардара ауданында тұратын 1969 жылғы науқас асқазан ішек жолдарынан қан кетіп, ауыр халде Шардара аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Науқасты тексеру барысында іште қан кетіп жатқандығы анықталып, қанды тоқтатып, қанталап тұрған тамырды эндоскопиялық жолмен байлаған. 

«Науқас біздің ауруханаға ауыр халде келіп, бірден жансақтау бөліміне түсті. Оның асқазанында жара болған. Науқасқа эндоскопиялық жолмен шланг жұтқызып, іштегі кетіп жатқан қанды тоқтаттық. Жалпы биыл біздің ауруханада эндоскопиялық жолмен жасалған отаның бұл екіншісі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жиі тексеріліп тұруы керек. Асқазаныңыз ауырмасын десеңіз жеңіл дайындалатын тағамдар мен газдалған сусындардан бас тартыңыз. Бүгінде екінің бірі асқазаным ауырады дегенді айтады. Көпшілігіміз жүйелі тамақтана бермейміз де, ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзамыз. Ал ас қорыту жүйесінің бұзылуы түрлі ауруға шалдықтыратыны анық. Бүгінде ауру-сырқаудың көбі тікелей дұрыс тамақтанбауға байланысты екен. Жалпы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі әрбір екінші тұрғын асқазан ауруынан зардап шегеді», – деді хирург-эндоскопист Орынбек Джаббаров.

Айта кетсек, эндоскопиялық жолмен өткізілген операция ота жасау аумағын азайтып, пациентті аз жарақаттайды, ауруханада жату мерзімін азайтып, тез жазылуына септігін тигізеді. Қазіргі күні енгізілген эндоскопиялық тәсіл кезінде бұндай науқастарға отаны жарақаттамай, сыртқы денесіне зақым келтірмей, арнайы эндовидеоаппарат арқылы жасауға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →