×

Қырғыздар қазақстандық әкімге ат мінгізді

Жарыстың ашылу салтанатында айыр қалпақты ағайындар оған ат сыйлаған

Қырғыздар қазақстандық әкімге ат мінгізді
Фото: instagram.com / tenizbayev.nurbakhyt

Қырғызстанда Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бішкекте Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) пен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне грек-рим және еркін күрестен «Достық» турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында айыр қалпақты ағайындар қонақжайлық көрсетіп, Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді.

«Жарысты ұйымдастырған Қырғыз еліне үлкен алғыс айтамын! Бұндай жарыстар кішкентай балуандарымыздың шындалуына және әлемдік ареналарда ел намысын қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Бүгін ыстық ықыласпен қарсы алып жатқан, қырғыз еліне, досым Қанатбекке, жарысты ұйымдастырушы бауырым Анарбекке және бізді қолдап барған әрбір азаматқа мың алғыс! Алдағы уақытта біздің елде де осындай «Достық» турнирі жалғасын табады деп ойлаймын!», – деп жазды Нұрбақыт Теңізбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2018 жылдан 2023 жылға дейін Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →