×

Түркістандық кардиохирург жүрек тума ақауының негізгі себептерін айтты

Төрт сағатқа жуық созылған операция сәтті өтті дейді дәрігерлер

Түркістандық кардиохирург жүрек тума ақауының негізгі себептерін айтты

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, кардиохирург Алмат Байсалов мамандармен бірге тумасынан жүрек ақауына шалдыққан 11 жастағы ұл балаға ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алмат Байсаловтың сөзінше баланың жүрек ырғағы баяу және тыныс алуына байланысты жағдайының өте ауыр екені байқалған. Жүрегінде ақауы бар науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізген. Жағдайы тұрақтағансоң жүрегіне дәрігерлер ашық ота жасап, қарынша аралық тесігі (ДМЖП) жабылған. Төрт сағатқа жуық созылған операция сәтті өтті дейді дәрігерлер. Жалпы бала стационарда 50 күн, оның ішінде жансақтау бөлімінде 30 күн болған. 

«11 жасар сайрамдық бала осы жасына дейін жүрегіндегі ақаумен, яғни жүрек тесігімен өмір сүрген. Мұндай оталар негізінен баланың екі жасына дейін жасалыну қажет. Сондықтан ота күрделі өтті. Туғанынан жүрек талмасына шалдығу басында ешқандай белгі бермейді. Алайда бала үш айға толғаннан бастап ата аналар балаға мән беру керек. Егерде бала емген кезінде немесе өскен бала жүгіріп ойнап жүріп тез шаршап қалатын болса баланы дәрігерге тексерту керек. Сондай-ақ, мұндай ауру тез ауыршаң және салмағы аз балаларда да болуы мүмкін. Негізінен жүрек тума ақауының бірнеше себептері бар. Бала пайда болғансоң сезігінші күннен бастап оның жүрегі дамый бастайды. Сол кезде ананың көңіл күйі, қабылдаған дәрісі де әсер етеді. Ата-ана баланы жоспарлаған кезде, үш ай бойы дайындалу керек. Олар өздерінің созылмалы ауруларын емдегенсоң ғана баланы жоспарлау керек», – дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, кардиохирург Алмат Байсалов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →