×

Түркістандық дәрігерлер 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасаған

Бүгінде Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында коронарография əдісімен өткізілген оталардың барлығы сәтті өткен

Түркістандық дәрігерлер 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасаған

Түркістан облысына қарасты, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында коронарография əдісімен өткізілген оталардың барлығы сәтті өткен.

«Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында коронарография әдісін жүргізу арқылы жүрекке жоғары технологиялық ота жасап жатырмыз. Мұндай оталарды жасау үшін аудандық аурухана дәрігерлері облыстық, республикалық жетекші емдеу орталықтарына барып, интервент дәрігерлермен бірге тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасына республикалық деңгейдегі емдеу мекемесінен жоғары тәжірибелі мамандарды шақырттық. Білікті мамандар жасақталып, қазір осы саланы дамыту жағын мықтап қолға алдық. Енді науқастарды облыс орталығына жібермей-ақ, аудан деңгейінде операция жасап, денсаулықтарын сауықтыруға болады. Негізінен коронарография мамандандырылған операциясы ангиограф аппаратының көмегімен жасалынады. Ааппарат 2023 жылдың қаңтар айында ауруханаға орнатылған болатын. Оның көмегімен бірінші кезеңде жүректегі қан тамырларын тексеріп, сырқатын нақты анықтай аламыз. Диагностикалық тексеруден кейін диагнозы расталған пациенттерге тіліксіз, катетердың көмегімен тарылып бітелген қан тамырларына стент орнатып береді», – дейді  аурухананың бас дәрігері Бахыт Мырзалиев.

Айта кетсек, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы – өңірдегі көп бейінді, бәсекеге қабілетті ұйым. Аурухана базасында ашылған рентген-кардиохирургия бөлімшесінде дәрігерлер жүрек дерттерін емдеп, кардиология бағытында күрделі оталар жасап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақтың ураны: күнгейі мен көлеңкесі
Бүгін, 12:17

Қазақтың ураны: күнгейі мен көлеңкесі

Дүние жүзінде өндірілетін уранның үштен екісі Қазақстандағы кен орындарына тиесілі
Бұл жөнінде ақпараттық порталдың негізін қалаушы Самал Ибраева әлеуметтік желіге жазды
Іс-шараны қаланың Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →