×

Түркістандық дәрігер: аяққа түскен артық салмақтың салдарынан тізе буын артрозы пайда болады

Дәрігер тізе буын артрозына жасалатын ота жайында айтты

Түркістандық дәрігер: аяққа түскен артық салмақтың салдарынан тізе буын артрозы пайда болады

Бүгінде елімізде аяққа артық салмақтың түсуі салдарынан тізе буын артрозы аталатын патологиялық ауруға шалдығу салдары күшеюде. Бүгінде тізе буын артрозы 45 жастан асқан егде адамдар мен артық салмақпен күресіп жүрген жандардың басты мәселесіне айналған. Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Түркістан облысындағы ХКТУ клиника диагностика орталығындағы жоғарғы санатты травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты Алмасбек Ахметов тізе буын артрозына жасалатын ота жайында айтты.

«Тізе буынына арналған отаны 2017 жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы клиника диагностикалық орталығына енгіздік. Біздің орталықта көбінесе ота 50-65 жас аралығындағы науқастарға жасалды. Айта кетсем, бұл пациенттердің 70 пайызын әйел адамдар құрайды. Қазіргі таңда тізе буыны артрозы кезінде жиі қолданылып жүрген оталардың бірі артроскопиялық оталар, ал ауыр сатылары кезінде эндопротездеу жүйесін қолданады. Алайда, бұл біздің қазақ-түрік клиникасында күнделікті қолданып жүрген оталардың бірі. Дегенмен барлық артрозды эндопротез жасай беру қате пікір. Яғни, ота жасау кезінде науқастардың жас ерекшелігі мен олардың артрозы қай сатыда екенін анықтап алу маңызды. Бүгінде естімей, білмей ауруын асқындырып жүргендер қатары қаншама. Біздің орталыққа ауруын әбден асқындырып, ең соңғы шарықтау шегіне таяғанда барып қимылдайтын науқастар келеді», – дейді Алмасбек Ахметов.

Медициналық дәйектерге сүйенсек артрозды жою мүмкін емес, алайда медицинада оның дамуын тоқтатуға қарсы бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл ауру адам ағзасында бірнеше жылдарды өткере келе пайда болады. Сол аралықта адам жүгіргенде, жүргенде тізе буындары тұрақты күйзеліске ұшырайды екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі
Кеше, 20:42

Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі

Ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады
Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →