×

Адам папиллома вирусының алдын алудың жалғыз әдісі қандай?

Вирусты жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз жолы – екпе салдыру

Адам папиллома вирусының алдын алудың жалғыз әдісі қандай?

Түркістан облысында 2022 жылы жатыр мойнының обыры бойынша 127 жағдай тіркеліп, оның ішінде 49 жағдай өліммен аяқталған. Ал 2023 жылы 142 әйел осы сырқатқа шалдығып, 48-і қайтыс болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиеваның сөзінше жатыр мойны обыры ауруының дамуына «адам папилломасы» вирусының инфекциясы әсер етеді. Ал вирусты жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз жолы – екпе салдыру.

«Елімізде жатыр мойны обыры - барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған сырқаттың түрі. Жыл сайын Қазақстанда осы дерт бойынша 1 900 жағдай тіркеліп, 600-дан астам әйел қайтыс болады. Осыған орай 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздегі 11 жасар қыздарға «адам папилломасы» вирусына қарсы екпе салынады. Жалпы 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі барлық қыздардың 90%-ын екпемен қамту жоспарланған. Екпе мектептерде немесе тіркелген мекен жай бойынша емханаларда тегін егіледі. Айта кетерлігі, қыз балаларды вакцинациялау - ата-аналарының келісімімен ғана жүргізіледі. АПВ негізінен жыныстық қатынас арқылы таралады. Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, жасушалардың қатерлі ісігінің қайта шығуының және салдарынан қатерлі ісіктің дамуының қоздырғышына айналады. Жатыр мойны обыры ауруының дамуы адам папилломасы вирусының инфекциясына байланысты екені ғылыми дәлелденген. АПВ жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. ДДҰ мәліметтері бойынша, ЖМО ауруы әлемдегі барлық қатерлі ісік ауруының құрылымында 13%-ға дейін алады. Әлемде жыл сайын ЖМО ауруынан 300 мыңға дейін әйел қайтыс болады», – деді Салтанат Өсетілләқызы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →