×

Астанаға Telegram негізін қалаушы Павел Дуров келді

Жаслан Мәдиев Дуровтың Астанаға не үшін келгенін түсіндірді

Астанаға Telegram негізін қалаушы Павел Дуров келді
Фото: instagram.com/durov

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Telegram негізін қалаушы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің кеңсесіне барған.

Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын хабарлаған болатын.

Парламент кулуарында Жаслан Мәдиев Дуровтың Астанаға не үшін келгенін түсіндірді.

"Біз шақырдық, ол келді. Менің ойымша, ол мұнда үш күн болады. Павел Дуров Astana Hub-ты көрді, оған цифрландыру министрлігін, Астана халықаралық қаржы орталығын және басқа да ұйымдарды көрсетуді жоспарлап отырмыз. Біз қонаққа технологияны жақсы қолданатынымызды көрсеткіміз келеді ғой, бұл тұрғыда жақсы ілгерілегенімізді түсінсе дейміз", – деді Жаслан Мәдиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →